“СЫР СҰЛУЫ” КОРЕЯДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің "Сыр Сұлуы” вокальды тобы Оңтүстік Кореяның Чолло-намда провинциясы Кванджу қаласының Ғылым және технология орталығында концерт берді, - деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.
Салтанатты кешті зиялы қауым, орта және жоғары оқу орындарының жастары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тамашалады. Концерттік бағдарламаның ашылуында Ғылым және технология орталығының директоры, доктор Шин Ен Кан «Сыр сұлу» вокалды тобын құттықтап, мерекелік шараға үлкен дайындық жүргізілгендігін атап өтті. Сонымен қатар, медицина докторы Ян Хан Мо, қалалық газеттің бас редакторы Ким Габ Дже өнер ұжымын жылы қарсы алып, вокалды топтың Кореяда өнер көрсетуіне мүмкіндік жасаған университет басшылығына алғыстарын білдірді. Мерекелік кеште өнер ұжымы халық әндерімен қатар орыс, ағылшын, корей тілдерінде ән шырқады. Каннам университетінің профессоры, филология докторы Ким Фил Концерттік бағдарламада орындалған әндерге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, корей тілінде түсіндірме жасады. «Сыр сұлуының» ән кеші одан әрі Чолланамдо провинциясының өзге қалаларында жалғаспақ.