«ҚАЗАҚСТАН КАМЕРАТАСЫ» ГАСТРОЛЬДІК САПАРЫН СЫР ЕЛІНДЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
«Қазақстан Камератасы» мемлекеттік камералық оркестрі гастрольдік сапарын Сыр елінде қорытындылады. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған өнер кешінде ұжым музыка жауһары саналатын классикалық туындыларды орындады.
«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тілшісі хабарлағандай, шығармашылық кеште Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқасы», Еркеш Шәкеевтің Құрманғазының «Балбырауын» күйі, «Жаңбыр» шығармасы, оркестрдің сүйемелдеуінде жүрек қылын шертіп, көрерменді қанаттандырды.
1997 жылы Қазақстанның халық әртісі, белгілі скрипкашы Гауһар Мурзабекованың бастамасымен құрылған ұжымда түрлі халықаралық конкурстарда талантымен топ жарған талантты музыканттар бар. Қызылордалықтар оркестрдің өнеріне тәнті болып, ризалықпен тарқасты.