СЫРБОЙЫЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР КӨП ҰЗАМАЙ ГРУЗИЯ ЖҰРТШЫЛЫҒЫНА КОНЦЕРТ БЕРЕДІ
Сырбойылық өнерпаздар көп ұзамай Грузия жұртшылығына концерттік бағдарламаларын ұсынады. Бесжылдықты қамтитын екіжақты меморандумға сәйкес сала үздіктері шеберлік дәрістерін өткізіп, театрлар мен музейлердің өкілдері өзара тәжірибе алмасады.
Қызылорда облыстық филармониясының директоры Талғат Мақашовтың айтуынша, бұл екі ел арасындағы ынтымақты, жергілікті өнер иелерінің гүржілермен байланысын арттырады. Филармония ұжымы бұған дейін де талай елді, оның ішінде Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Татарстан, Түркияны өнерлерімен тәнті етті. Өзге облыстармен де қарым-қатынас жақсы жолға қойылған.
Филармония құрамында Тұрмағамбет халық аспаптар оркестрі, «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі, «Томирис» би ансамблі, «Сыр самалы» вокалды аспаптар және үрлемелі аспаптар ансамблі, елімізге, өңірімізге белгілі әншілер табысты еңбек етіп келеді. 2014 жылы облыс әкімінің қолдауымен алғашқы камералық оркестр ашылып, ұжымның шығармашылық мүмкіндіктері арта түсті.
Филармония әртістері мемлекеттік марапаттардан, облыс әкімінің алғыс хаттарынан кенде емес. Көптеген халықаралық, республикалық байқаулардан да құр қайтқан кезі жоқ.
Назерке САНИЯЗОВА