АЛМАТЫДА «БАТЫР LIVES» КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Алматыдағы Республика сарайында Батырхан Шүкеновтің «Батыр Lives» қайырымдылық концерті өтті. Үш сағаттық концертке әртістер бір айдай уақыт дайындалған, - деп хабарлады «Қазақпарат».
Концерттен түскен қаржы әншінің ұлы Мақсұт Шүкеновке көмек ретінде жіберіледі. Кеш бойы көрермендер мен әншілердің көзінің жасы құрғамады.
«Алматы әкімдігіне, баршаңызға үлкен рахмет. Сіздердің қолдауларыңызбен Батырдың жүрек жылуы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, мәңгілік есте қалады деп ойлаймыз. Батыр біздің жадымызда мәңгі тірі», - деді продюсер Олжас Байқанов.
Жекелеген әндерден бөлек, «Джулия» композициясын «А-студио» тобы мен Владимир Пресняковпен барлық зал қосыла шырқады. Еркеш Шәкеев болса «Твои шаги», «Нелюбимая» әндерін орындады.
ҚР халық әртісі Роза Рымбаева Батырдың жаңа альбомындағы «Кездесу» әнін әуелетті. Сондай-ақ кеште Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Далер Назаров, Нұрлан Абдуллин, Мәдина Сәдуақасова, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов, «Жетіген», «JCS», «Дервиши», «Мюзикола», «МузАРТ», «Мagic of Nomads» топтары, Илья Зудин, Юлия Началова, Доминик Джокер, «N.A.O.M.I» өнер көрсетті.