БАРЛЫҚ МҰРАҒАТ ҚҰЖАТЫНЫҢ 34 ПАЙЫЗЫ ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТҚА КӨШТІ
Келесі жылы Қызылордада сыйымдылығы 600 мың құжатты қамтитын жаңа типтегі 5 қабатты Мұрағаттар үйі пайдалануға беріледі.
Құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен 687,7 млн. теңге бөлінді. Онда құжаттарды қайта өңдеу, лаборатория кабинеттері ашылып, сәйкесінше мамандар саны артады деп күтілуде. Жалпы, облыстың мемлекеттік мұрағатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Елбасы тапсырмасымен қабылданған «Ақпараттық Қазақстан - 2020» бағдарламасы аясында Қызылорда елімізде алғашқылардың бірі боп бұл жүйені 2010 жылдан бастап қолданысқа енгізе бастады.
Жобаға облыстық бюджеттен 33 млн. теңге бөлініп, 7 млн.-нан астам (1 күнде 8000-нан көп) парақ цифрлық форматқа көшті. Бұл – барлық мұрағат құжатының 34 пайызы. Мұрағат қызметін пайдаланушылар үшін электронды жүйе қажетті құжаттарды алудың тиімді тәсіліне айналды.
Назерке САНИЯЗОВА