АЙТЫС ӨНЕРІ ЮНЕСКО ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗІЛДІ
Кеше Виндхук қаласында (Намибия) өтіп жатқан ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитетінің сессиясы барысында Қазақстан мен Қырғызстан бірлесіп жолдаған «Айтыс - импровизация өнері» атты номинациясы Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының көрнекі тізіміне енгізілді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл шараға Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның өкілдері және Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елімізге белгілі айтыскерлер Б. Имашев пен А.Тұрсынбаева қатысуда. Айтыскерлердің сессияның отырысында айтыс өнерінің таныстырылымын көрсетуі жоспарланған.
Еске сала кетсек, Комиссияның былтырғы отырысында елімізден ЮНЕСКО тізіміне «Қазақтың дәстүрлі домбыра күй өнері» және Қырғызстанмен бірлесіп ұсынған «Киіз үйді жасаудың дәстүрлі білімдері мен дағдылары» атты номинациялар енген болатын.