АЛМАТЫДА БАТЫРХАН ШҮКЕНОВТІҢ КОНЦЕРТІ ӨТЕДІ
Алматыда 8 желтоқсанда «Батыр LIVES.Так далеко, так близко…» деп аталатын Батырхан Шүкеновті еске алу концерті өтеді.
«Алматы қаласында Республика сарайында 8 желтоқсан күні сағат 18.30-да Қазақстан және Ресей эстрада жұлдыздары бас қосып, жанашыр дос, білікті әріптес, өнер майталманы әрі ұлағатты ұстаз – Батырды еске алу кешін өткізеді. Олар қанша уақыт өтсе де, маңызы мен мазмұнын жоймайтын Батырханның әндерін шырқайды», - деп хабарлады Алматы қалалық мәдениет басқармасынан.
Концертке қатысушылар арасында Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Еркеш Шәкеев, Далер Назаров, Нұрлан Абдуллин, Руслан Тохтахунов, «Жетіген», «JCS», «Дервиши», «Мюзикола», «Сhick Flik», «МузАРТ» топтары, Дильназ Ахмадиева, Мәдина Сәдуақасова, «Мagic of Nomads», Жанар Дұғалова, Мақпал Исабекова, Әли Оқапов және басқа да танымал өнер жұлдыздары бар.
Хабарламаға сәйкес, концертке, сонымен қатар, «А’Studio», Владимир Пресняков, Юлия Началова, Илья Зудин («Динамит» тобы), «N.A.O.M.I» тобы, Доминик Джокер сынды ресейлік жұлдыздар да қатысуға ниет білдіріпті.
«Концерт «live» форматында Алматының үздік музыканттарының сүйемелдеуімен өтеді. Өзге форматты Батыр кезінде мойындамайтын. Концерттің музыкалық продюсері – Батырдың досы Виктор Хоменков.