ҚЫЗЫЛОРДАДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛАДЫ
10-14 қыркүйек аралығында Қызылорда қаласында КСРО Халық әртісі Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналған драма театрлардың ХХІІ республикалық фестивалі өтеді. Бұл фестивальге Астана қаласының Қаллеки театры «Ана - Жер Ана» қойылымын алып бармақшы, - деп мәлім етті театрдың баспасөз хатшысы «Қазақпарат» тілшісіне.
Адамзаттың Айтматовы атанған ұлы жазушының Ұлы Отан соғысының ауыр қасіреттерін суреттейтін «Ана - Жер Ана» трагедиялық драмасы театр әлеміне әйгілі режиссер Ә.Мәмбетовтың сахналауы арқылы алғаш жол тартқан. Бас кейіпкер Толғанайды сомдаған қазақтың танымал актрисасы Сәбира Майқанова сахнадағы Ана бейнесін аласармас биікке көтерген еді. Ш.Айтматов, Ә.Мәмбетов, С.Майқанова, Ғ.Жұбанова сынды өнер тұлғаларының құрметіне режиссер Б.Құрманғожаевтың жаңғыртуымен сахналанған «Ана - Жер Ана» спектаклі Мәмбетов мектебінің өміршеңдігін паш етеді.
Қызылорда қаласының тұрғындары мен фестиваль қонақтары бұл қойылымды 11 қыркүйек күні тамашалай алады.