«АЛМАТЫ – МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ МАХАББАТЫМ» ФЕСТИВАЛІ 15 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ
Халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде «Алматы – менің алғашқы махаббатым» жыл сайынғы музыкалық ретро фестивалі өтті. Дәстүрлі мереке биыл өзінің 15 жылдығын атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz.
15-ші фестивальдің тақырыбы бүкіл әлемге танымал кино саласындағы «Оскар» жүлдесі болды. Сондықтан, биылғы жылы режиссерлер қызыл кілем идеясын жүзеге асырды. Кілеммен Қазақстанның танымал мәдениет қайраткерлері, эстрада және кино жұлдыздары жүріп өтті.
15-ші фестиваль барысында ұйымдастырушылар өнер мен фестивальдің дамуына зор үлес қосқан танымал өнер қайраткерлеріне мерейтойлық сыйлықтар табыстады. Алғашқы алтын мүсіншелер фестивальдің жүргізушілері Нағима Есқалиева мен Сағынай Абдуллинге табысталды. Қазақстан Республикасының халық әртістері Бибігүл Төлегенова мен Роза Рымбаева да мерейтойлық сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, фестивальдің алғашқы режиссерлері, қоюшылары мен дирижерлеріне алматылықтардың сүйікті ретро-мерекесінің марапаты табыс етілді.
Биылғы фестивальге арнайы шақырылған Михаил Боярский, Николай Басков пен «Bad Boys Blue» неміс тобы өнер көрсетті. Сондай-ақ, ұйымдастырушылардың идеясымен аты аңызға айналған Адирано Челентано образы сахналанды. Әртісті «Точь-в-точь» тележобасының қатысушысы Маурицио Швейцер сомдады.
Фестивальде Дариға Назарбаева мен Николай Басков бірлесіп мюзикл композияциясын орындады. Ал Алматы әкімі Ахметжан Есімов ретро мерекеде рояльда ойнап, тағы да көрермендердің ықыласына бөл