ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 4000 КІТАПТЫ ЕНДІ МОБИЛЬДІК ҚОСЫМША АРҚЫЛЫ ТЕГІН ОҚУҒА БОЛАДЫ
Қазақ тілді 4000-нан аса кітаптыжинақтаған тегін kitap мобильдік қосымшасы Қазақстанда пайда болды. Мобильдік қосымшаны «WikiBilim» қоғамдық қоры «Кселл» мобильдік операторының қолдау көрсетуімен жасап шығарды.
Тегінkitap мобильдік қосымшасы «WikiBilim» ҚҚ дамытып жатқан «Қазақстанның Ашық кітапханасы» атты онлайн-жобасы негізінде жүзеге асырылып отыр. Жобаның негізгі идеясы - Қазақстанның мәдени мұрасының мультимедиалық топтамасын сандық форматта қолжетімді етуге бағытталған, ал мақсаты – ұлттық әдебиет, ғылым, мәдениетке қатысты туындыларды жинақтау және авторлық құқықты сақтай отырып көпшілік арасындатарату.
Қазіргі таңда Қазақстанның«kitap.kz» ашық кітапханасы қазақ мәдениетімен байланысты туындылардың ең толық электрондық топтамасын, сондай-ақ, әлемдік көркем және ғылыми-көпшілік әдебиет туындыларының қазақ тіліне аударылған жинағын ұсынып отыр.
«Қазақстанның Ашық кітапханасында» 500-ден аса автордың 4000-ға жуық кітабы жинақталып, www.kitap.kz сайтына шығарылған. Жобаға ІлиясЖансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Ғабиден Мұстафин, ҚасымАманжолов, БауыржанМомышұлы, Зейін Шашкин, ЖұбанМолдағалиев, ҚалижанБекхожин, Сағи Жиенбаев, Ғафу Қайырбеков, МұқағалиМақатаев, СафуанШаймерденов, Зейнолла Қабдолов, Қалтай Мұхамеджанов, Сәкен Жүнісов, СауырбекБақбергенов секілді авторлардың мұрагерлері алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетті. Сонымен қатар, көзі тірі авторлардың ішінде келесі тұлғалар да көмегін аямады: Әбіш Кекілбаев, МұхтарШаханов, Софы Сматаев, ҚабдешЖұмаділов, Шерхан Мұртаза, Төлен Әбдіков, ДулатИсабеков.
«Қазақстанның Ашық кітапханасы», мәдени мұраға қалай қол жеткізетінімізге қатысты,жалпы мәдениетке деген көзқарасымызды өзгертіп отыр. Жоба кең оқырман қауымына әдебиет туындыларына тұрақты түрде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қоғамның мәдениетке деген қызығушылығы күннен күнге артып келе жатқанына біз куәміз. Өз тарапымыздан біз еліміздің мәдени мұрасын бір жерге шоғырландыру үшін аянбай еңбек етіп келеміз», - деп атап өтті "WikiBilim” ҚҚ қамқоршылар кеңесінің мүшесі Нартай Әшім.
«Кселл» компаниясы көпшілік оқырмандар алдында қазақ тіліндегі жарқын әдебиет әлеміне есік ашу үшін www.kitap.kz сайтында жинақталған кітаптарды бейімдеп, оларды смартфондарда оқуға болатындай мобильдік форматқа аударуға көмектесті.Мобильдік қосымша смартфондардың ең танымал үлгілеріне бейімдетіліп, енді Android және iOS жүйелерінде қолжетімді болып отыр.
«Мемлекеттік тілді дамытуға арналған жобалар – «Кселл» компаниясының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінде басты орын алып отырған мәселелердің бірі. Нарықтың көшбасшысы ретінде біз мемлекеттік тілдегі ең үлкен онлайн-кітапханалардың біріне смартфондар арқылы кіруге жағдай жасауды көздеп отырмыз.Қазіргі таңда қазақстандықтардың 40%-ға жуығы смартфондарды қолданады. Біз осы қосымшаны қолданушылардың барлығына тегін ұсынып отырмыз. Бұл жоба оқырмандарының санын барынша кеңейтпек.Kitap мобильдік қосымшасы қазақ тіліндегі кітаптарға қызығушылықты арттырып, жалпы мемлекеттік тілде қалам тартып жүрген жаңа белді жазушылардың пайда болуына және әдебиеттің дамуына септігін тигізеді деп үміттенеміз», - деп атап өтті «Кселл» АҚ бас атқарушы директоры Арти Отс.
Қазақстанның «kitap.kz» Ашық кітапханасы2012 жылы іске қосылып, қазіргі таңда оның қолданушылар саны ұдайы өсіп келеді. Күнделікті сайтқа 2500-ден аса оқырман кіреді. Мобильдік қосымшаның іске қосылуы қазақ тіліндегі әдебиетке деген қызығушылықты, әсіресе күндізгі уақытта смартфондарды кеңінен пайдаланып жүрген 12 жастан бастап 35 жасқа дейінгі аралықтағы жастардың қызығушылығын арттырады деп күтілуде.