"ҚҰНАНБАЙ" ФИЛЬМІ ПРОКАТҚА 3 ЖЕЛТОҚСАНДА ШЫҒАТЫН БОЛДЫ
Абай Құнанбаевтың әкесі туралы "Құнанбай" тарихи деректі фильмі жалпыұттық прокатқа 3 желтоқсанда шығады, - деп хабарлайды "Қазақфильмнің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Картина режиссері Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов болды. Ол басты рольді де сомдады. Абайды картинада Әліби Сырайлы сомдаса, қазақтың ұлы ақынының әжесінің ролін Жамбыл облыстық драма театрының әртісі Нұрсифат Салықова ойнады.
Құнанбай Өскенбайұлы 1804 жылы әйгілі бидің отбасында дүниеге келген. Ұзақ жыл өмір сүрген ол ақылдылығымен және көрегенділігімен танылды. Оның бұл қасиеттері саяси мансап жолын жасауға көмектесті. Абай Құнанбаевтың әкесі төрт әйел алған, ұлы ақын оның екінші әйелі - Ұлжаннан туған.
"Өздеріңіз білетіндей, Құнанбайға кей кездері әртүрлі көзқарас қалыптатыратын қиын шешімдер қабылдауға тура келді. Міндет пен әділдіктің ортасында таңдау тұрды. Құнанбайдың кіші ұлы Ибрагим әкесінің жұмысының ауыртпалығын бағалай алмады. Тек көп жылдан кейін ғана Абай атымен танылған Ибрагим әкесін түсіне бастады", - деп жазылған "Қазақфильмнің" баспасөз хабарламасында.
Картинада Құнанбайдың өмірі ғана емес, XIX ғасырдағы қазақтардың тұрмысы баяндалған. Фильм Қазақстанның тарихын білгісі келгендерге арналған.
Фильм сценарийін Досхан Жолжақсыно пен дарынды жазушы Таласбек Әсемқұлов жазған. Картинаның түсірілім жұмыстары Ақмола облысында және Құнанбайдың туған жері - Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында өтті.