ЕРМЕК ТҰРСЫНОВТЫҢ "ЖАТ" ФИЛЬМІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ЭСТОНИЯДАҒЫ КИНОФЕСТИВАЛЬДЕ ӨТТІ
Таллинде өткен "Қараңғы түндер" кинофестивалінде қазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың "Жат" фильмінің тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz картина продюсері Қанат Төребайға сілтеме жасап.
Тұрсыновтың жұмысы фестивальдің негізгі бағдарламасына кірді. Продюсердің айтуынша, еуропалықтар картинаны ерекше ықыласпен қабылдады. "Басты рольдегі кейіпкердің өмірін бейнелеп қана қоймай, жалпы философиялық мәселелерді көрсеткен картинаны көрермендер жақсы қабылдады", - деді Төребай. Айта кетейік, кинофестиваль 13-29 қараша аралығында өтеді.
Бұған дейін "Жат" фильмі "Шет тілдегі ең үздік фильм" категориясы бойынша "Оскар" жүлдесіне негізгі үміткерлердің тізіміне кірген болатын. "Жат" фильмі өмірде болған оқиғаларға негізделген, онда 30-жылдары өмірден баз кешіп, тауда ғұмыр кешуге кетіп қалған Ілияс есімді ер адамның басынан кешкен жайттар баяндалады. Бостандығын сақтау үшін ол қоғамдық қысымға тап болады. Айта кетейік, "Жат" фильмінің сценарийін Ермек Тұрсынов 25 жыл бұрын диплом жұмысы үшін жазған.