АЛМАТЫ БАТЫРХАН ШҮКЕНОВТЫ ЕСКЕ АЛАДЫ
Әншінің достары ұйымдастырған үлкен кеш 8 желтоқсанда өтпек, - деп хабарлады «КТК» телеарнасы. Концерт оркестрдің сүйемелдеуімен, тек жанды дауыста болады.
Оған өнер иесінің қазақ сахнасындағы және ресейлік достары қатысып, ең танымал әндерін орындамақ. Еске алу кешіне марқұмның репертуарындағы 30-дан аса ән таңдап алынған. Шараға әншінің шығармашылығындағы соңғы әндердің бірі «Так далеко, так близко» деген атау берілген. Ал бұл әнді орындау Шүкеновтің өнердегі әріптесі әрі досы Нұрлан Абдуллинге бұйырыпты.
Естеріңізге салсақ, Батырхан Шүкенов 53 жасқа қараған шағында Мәскеуде жүрек талмасынан көз жұмған еді. Содан бері марқұмды еске алу шаралары жер-жерде өткізіліп келеді. Ал 8 желтоқсандағы концерт Алматыдағы Республика сарайында өтеді.