ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ӘН БОЛЫП ЖАҢҒЫРДЫ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» қауымдастығының қолдауымен «Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры «Ән-жырым – ғұмыр-дариям» атты отбасы тақырыбына арналған әндерден облыстық ән байқауын ұйымдастырды.
Халқымыздың бай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптейтін әндерді жаңғырту арқылы отбасы құндылықтарын өскелең ұрпақтың жадына сіңіру мақсатында өткен ән конкурсын жобаның ұйымдастырушысы, қоғамдық қор директоры Нұрлан Нұрмаханов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқауда жоғарғы, арнаулы оқу орындарынан, аудандардан келген 16 мен 30 жас аралығындағы 20 қатысушы эстрадалық жанрда әндер орындады.
Қорытындысында жүлделі ІІІ орынды сырдариялық Сымбат Мұқанова, ал ІІ орынды жас әнші Әділхан Тәуекел иеленді. Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Айгерім Таңатова І орын иегері атанды. «Алтын бесік» номинациясымен Азамат Алтай, «Шаңырақ шырайы» номинациясымен Асылзада Қуанышбай марапатталып, ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Өзге қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.