21 ЖАСТАҒЫ ТҰРСЫНАЙ МҰҚАН «МИСС ҚЫЗЫЛОРДА-2015» АТАНДЫ
Қызылорда қаласында «Арай» ойын-сауық кешенінде «Beautycorp» модельдік агенттігінің ұйымдастырыуымен «Қызылорда аруы-2015» шарасы болып өтті.
Шара барасында облысымыздың әр аймағынан іріктелген 13 қыз байқауға түсіп, байқаудың талаптарына сәйкес өз өнерлерін ортаға салды.
Шараның қорытындысы бойынша 21 жастағы Тұрсынай Мұқан «Қызылорда аруы-2015» атағын иеленді. Тұрсынай Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледж студенті. Ол жануарларды жақсы көреді және егесіз үй жануарларына арнап ветеринарлық емханасы бар питомник салуды армандайды. Енді ол Астанада 10 желтоқсанда өтетін «Мисс Қазақстан» ұлттық конкурсында Қызылорданың намысын қорғайтын болады.
Айта кету керек, Тұрсынай Мұқан продюсер Баян Есентаеваның ұйымдастыруымен өтетін «Қазақ аруы» байқайына 2014 жылы қатысқан болатын.
«Мисс Қызылорда-2015» конкурсын әділ төрелеген қазылардың арасында «Мисс Қызылорда» конкурсының өңірлік директоры Алма Әбенова, жастар ресуртық орталығының директоры Жасұлан Алдабергенов, "Mon amie" дүкенінің директоры Наталья Мамбергер, «Мисс Атырау» конкурсының өңірлік директоры Вероника Кошманова, «Арай» кешенінің директоры Джавлан Абдухалилов бар.
Одан бөлек, 1-ші вице-мисс Камила Қалыбаева, 2-ші вице-мисс Арайлым Акимали, 3-ші вице-мисс Лемара Иргайбаева болып танылды.
Шынар БЕКБАН