«МЕНІҢ АТЫМ – ҚОЖА» АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ АУДАРЫЛДЫ
Алматы облысының əкімі Амандық Баталовтың қолдауымен бүгін Талдықорғанда Нью-Йоркте «Metropolitan Classics» баспасынан ағылшын тілінде жарық көрген қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың таңдамалы шығармалары мен көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повестерінің тұсаукесері өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Амандық Ғаббасұлы қазақтың бай әдебиеті әлемдік биікке көтеріліп, қазақ шығармалары ағылшын тілінде оқылатын болғандығына ризашылығын білдіріп:
- Бұл - үлкен жетістік. Бүгін міне, Хантәңірінің мұзбалақ ақыны Мұқағали мен балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың есімдері Нью-Йорктің төрінде аталып, қазақтың мерейін асырды, - деді.
Бұл ретте ағылшын тіліне аударылған екі шығарманы ағылшын тілінде сөйлету Халықаралық қазақ ПЕН клубының президенті Бигелді Ғабдуллиннің табанды еңбегінің жемісі. Тұсаукесер рәсіміне белгілі жазушы Смағұл Елубай қатысты.