«БІР САХНА – ЕГІЗ ҒҰМЫР»
Қызылорданың Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында режиссер Хұсейн Әмір-Темір мен жұбайы Әлия Арысбаева екеуіне арнап түсірген «Бір сахна – егіз ғұмыр» атты деректі фильм көрсетілді.
«Қоғам» телеарнасының тілшісі хабарлағандай, режиссер Халилла Омаров деректі фильмді бір жылдай уақыт түсірген. Көрсетілімде кейіпкерлердің сахнаның сыртындағы өмірі бейнеленген. Қос ғашықтың тағдыры туралы сыр шертіледі. Фильмде олардың өнердегі әріптестестері де ойнаған.
«Хұсейн мен Әлия екеуі Төлеген мен Қыз Жібектей ғашықтар еді», - дейді достары. Бұл туынды Н.Бекежанов театрының 60 жылдығы аясында жарыққа шықты.