ӘЛИЯ НАЗАРБАЕВА "ҚАЗАҚ ЕЛІ" ФИЛЬМІНДЕ БАСТЫ РОЛЬДІ СОМДАУЫ МҮМКІН
Әлия Назарбаева түсірілімі Алматы облысында жүріп жатқан "Қазақ Елі" фильмінде басты рольді сомдауы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Картинаның продюсері Арман Әсеновтің мәлімдеуінше, Назарбаевамен Әмір Темірдің немересі Рәбия сұлтан бегімнің ролін сомдау туралы келіссөздер жүріп жатыр. "Біз Әлия Назарбаевамен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Әзірше нақты белгілі емес, себебі онымен біздің кестеміз сәйкес келмейді. Ол сомдайтын кейіпкердің қатысуымен өтетін түсірілімдер екі аптадан соң болуы тиіс", - деді Әсенов.
"Қазақ елі" көпсериялық фильмінің 1465 жылы қазақ мемлекетінің құрылу кезеңін, Жәнібек пен Керейдің, олардың балалары Қасым мен Бұрындықтың билік еткен кезеңін қамтитыны белгілі. Фильм Ільяс Есенберлиннің "Көшпенділер" романының бірінші томы бойынша түсірілу үстінде. Режиссер Рүстем Әбдрашевтің айтуынша, қазіргі уақытта материалдың 40 пайызы түсірілді, монтажы қатар жасалып жатыр.
Картинада басты рольдерде Еркебұлан Дайыров (Жәнібек), Қайрат Кемалов (Керей), Аян Өтепберген (Бұрындық), Мейірғат Амангелдин (Қасым), Бекболат Тілеухан (Қазтуған), Досхан Жолжақсынов, Димаш Ахимов, Шұғыла Сапарғалиқызы (Керейдің әйелі), Мадина Ысманова (Жәнібектің әйелі) ойнайды.
Сонымен қатар, Қазақстанда тұңғыш рет краудфандинг (халықтық қаржыландыру) жобасының іске қосылғаны анықталды. Кез келген адам картинаны жасап шығару үшін өз үлесін қоса алады. Қаржы жинау "Қазақ Елі" фильмінің ресми сайтында жүріп жатыр - Qazaqeli550.kz.