ҚЫЗЫЛОРДАДА КОРЕЙ МӘДЕНИЕТІНІҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
ҚХА-ның 20 жылдығына орай Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында корей мәдениетінің фестивалі өтті, - деп хабарлады Bnews.kz.
Облыстық қоғамдық келісім орталығының ақпаратынша, фестивальге Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі мұрындық болған. Іс-шараға облыстық ҚХА мен Қызылорда облысы корейлерінің қауымдастығы қолдау көрсетті. Сыр өңірінде фестивальдің концерттік бағдарламасына қатысуға ниет білдірген тұрғындар қатары қалың болды. Өңірде жүздеген адам кәріс тілін меңгеріп жүрсе, корей диаспорасы ата-бабадан мирас болып қалған салт-дәстүр мен мәдениетті сақтап келеді. Сондықтан биылғы фестиваль залға жиналған көрермендерге корей өнері мен корей тілінің мол қазынасын паш етті. Корей тілінде әндер шырқалып, дәстүрлі би де биленді. Тіпті корей халқының «Хынбу и Нольбу» атты халық ертегісінен қойылым да ел назарына ұсынылды.
«Қазақстанда жұмыс істеп жүргеніме бірнеше жыл болды. Бұл ел маған қатты ұнайды, халқы кеңпейіл, еңбекқор, мейірімді. Биылғы фестивальге қатысу арқылы мен қызылордалықтарға қазақ пен корей халқы бір-біріне жақын екенін, ортақ дүниесі көп екенін жеткізгім келді. Екі ұлттың да салт-дәстүрінің негізінде үлкенге құрмет, туған тілге деген маххабат, шыдамдылық пен отбасыға қамқор болу секілді ұлағатты өнеге жатыр», - дейді Қорқыт ата атындағы ҚМУ корей тілінің оқытушысы Ти Хо Ен.