«007: СПЕКТР» ФИЛЬМІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АЛДЫН АЛА КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ
Джеймс Бонд қазақша сөйлейді. «Астана» телеарнасы хабарлағандай, Астанада ана тілімізде дыбысталған әйгілі блокбастер көрерменге жол тартты. «007: Спектр» деп аталатын шытырман оқиғалы фильмді «Болашақ» қауымдастығы төл тілімізге тәржімалаған.
Аталған ұйым бес жылдан бері әлемдік танымал кинотуындылар мен анимациялық фильмдерді қазақ тіліне аударып жүр. Бүгінге дейін 11 голливудтық блокбастер мемлекеттік тілге аударылып, дубляж жасалған. Бұл бастамаға «Нұр Отан» партиясы да қолдау көрсетіп келеді.
Берік Құрманғали,
«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі:
- «Коламбиа Пикчерсті» дүне жүзіне аударылған тілдердің ішінде қазақ тілі 7-ші тіл болып еніп отыр ресми түрде. Бұл отандық киноның дамуына да септігін тигізбекші. Жалпы біз көп жағдайда кино неге қазақ тілінде сөйлемейді, сапасыз деп аурдармаларды сынға аламыз. Бұл осы олқылықтардың орнын толтырады деген сенімдеміз.
Джеймс Бондтың рөлін сомдаған Дэниел Крейгті Ержан Жарылқасынов дыбыстаған. 24-ші рет жаңа сериясы түсірілген атақты фильмде Моника Белуччи де төбе көрсетеді. Ал Бондтың бұл жолғы сүйіктісі Мадлен Своуды жастар театрының әртісі Шахназа Қызығанова дыбыстаған. Дубляжға барлығы 10 шақты адам атсалысқан. Олар кастинг арқылы Мәскеуде іріктеліпті.
Шахназа Қызығанова, «Жастар» театрының әртісі:
- Инстаграм желісінде де, интернет желісінде де көп комментарий оқиымын, барша қазақ тілді көрермендер, әсіресе жастар, өте қуанышпен қарсы алады бұндай жағдайды. Осыған дейінгі фильмдердің барлығы жоғарғы рейтингке өтті. Көрермен жақсы қабылдады.