«ҚАЗАҚ ЕЛІ» ФИЛЬМІ КӨКТЕМДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсіріліп жатқан көпсериялы фильм Тәуелсіздік күнінде емес, келесі көктемге қарай көрсетілетін болды, - деп хабарлады «КТК».
Сериялар санының жиырмадан онға дейін қысқарып, сценарийдің айтарлықтай өзгеруі, сол себепті түсірілімнің кеш басталуы кинотуындының жарыққа шығу уақытын да кешіктіріп отыр. Әзірге түсіру жұмыстарының тек 40 пайызы аяқталған. Түсірілім Алматы облысының Шошанай ауылы маңында өтуде. Бұл эпизодта Керей мен Жәнібектің балалары Қасым мен Бұрындық төңіректі барлау үшін ұлы көштен шеткері шығып, биік төбеге қарай құйғытып барады. Бұл кезекті түсірілімде басты рөл, қосалқы рөл, каскадерларын қоса есептегенде 300-ге тарта адам жүр. Фильм 4 айдан бері түсірілуде. Хандықты негізін қалаған бас кейіпкерлердің қатарында Асан Қайғы мен Қазтуған жырау да бар.
Кинотуындыны жасаушылар мемлекет циклды фильмге тек бастама жасап беріп отыр дейді. Бұл 10 серия Керей мен Жәнібектің Әбілқайырдан бөлінуінен басталып, Әз Жәнібектің таққа отыруымен бітеді. Әрі қарай жалғастырам деген жеке кинокомпаниялар болса, оған қарсылық жоқ.
Рүстем Әбдірашов,
фильм режиссері:
- Желтоқсанның орта белінде бүкіл материалды түсіріп бітеміз деген ойдамыз. Алдын ала бәрін айта алмаймын. Өте күрделі жоба. Халықтың алдында, елдің алдында масқара болмай, кәдімгі дұрыс деңгейде, ауыз толтырып айтатындай қып жасағымыз кеп отыр.
Киногерлердің сөзінен байқағанымыз, осы жобаға бөлінген 1 миллиард теңге жетпей жатқан секілді. Сондықтан төл тарихына бей-жай қарай алмайтын ел азаматтары бар ғой деп, арнайы қор құрыпты. Жетіспей жатқан тұстарын сол қордың көмегімен жеткізбек ниетте.