«АБАЙ ОҚУЛАРЫНЫҢ» ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен орталық қызметкерлері арасында «Абай оқулары» облыстық байқауы өтті.
Қалалық және аудандық бөлімдерден байқауға қатысқан 8 қатысушы Абай шығармаларын мәнерлеп оқу, «Абай жолы» романынан жатқа үзінділер оқу, Абай әндерін немесе қазақ халық әндерін орындау кезеңдері бойынша бақ сынады.
«Абай шығармашылығы арқылы мемлекеттік тілді дамыту, қызметкерлердің қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген ықыласын арттыру мақсатында өткізіліп отырған бұл шараның маңызы зор. Біз жыл сайын осындай байқауларды өткізу дәстүрін жалғастырмақ ниеттеміз», - деді филиал директоры А.Әбибуллаева.
Байқау қорытындысымен өздерінің үздік өнерлерін көрсеткен Байқоңыр қалалық бөлімінің инспекторы Ж.Айтбаева бас жүлдені қанжығасына байласа, Шиелі аудандық бөлімінің инспекторы Г.Сәрсенбекқызы І орынды, Қызылорда қаласының № 1 бөлім инспекторы Р.Бақытжан ІІ орынды, Жалағаш аудандық бөлімінің инспекторы А.Бисенбай ІІІ орынды иеленіп, жеңімпаздарға диплом және сыйлық табысталды. Байқауға белсене қатысқан қалған қызметкерлеріміз де назардан тыс қалмай, дипломмен марапатталды.
«Абай оқуларына қатысқаныма өте қуаныштымын. Осындай байқаулар арқылы біз өз өнерімізді шыңдаймыз, қазағымыздың өнерін, әдебиетін одан әрі тани түсеміз. Ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың мұрасын халық алдына шығару, оны насихаттау біздің парызымыз деп білемін», - деп ой бөлісті байқау жеңімпазы Ж.Айтбаева.