ЖАУҺАР ЖЫРДЫҢ АСҚАРЫ
А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Асқар Тоқмағамбетовтің 110 жылдық мерейтойына арналған «Жауһар жырдың Асқары» атты облыстық жазба ақындардың жыр мүшәйрасы өтті. Аталмыш шара қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылды. Оған Қызылорда қаласы мен облыс аудандарынан барлығы 10 жазба ақыны қатысты.
«Арман сол – қалсам елдің Асқары боп...» атты бірінші кезеңде мүшайраға қатысушы талапкерлер арнау өлеңдерін оқыса, екінші кезеңде «Сөзі жебе сардар ақын» тақырыбы аясында сатиралық туындыларын көрерменге ұсынды. Бірінен-бірі озған жүйріктер ішінде жеңімпазды анықтау оңайға соқпады. Әділ қазылардың шешімі бойынша III орынды Сырдария ауданынан келген Бақытжан Қалымбетов қанағат тұтса, II орынды қазалылық Есет Табынбай, I орынды Айдар Сайлауов иеленді. Ал, бас жүлдені Қызылорда қаласы атынан қатысқан талапкер Бекжан Ержігіт қанжығасына байлады.
Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА