ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА КӨШКЕРУЕННІҢ ҚОРЫТЫНДЫ КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Ассамблея жылы және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай 16 қазанда орталық алаңда «Бірлігіміз жарасқан!» көшкеруенінің қорытынды концерті өтті, деп хабарлады «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қорының баспасөз қызметі.
Бұған дейін «Бірлігіміз жарасқан!» көшкеруені 21-29 қыркүйегі аралығында облыстың барлық ауданында болып, халықпен кездесулерін өткізіп, мерекелік концерттерін ұйымдастырған болатын.
Орталық алаңда өткен шарада кәріс, славян, шешен, татар этномәдени орталықтарының мүшелері мен «Сыр сұлуы» би ансамбілі мен шығармашыл жастар өз өнерлерін қала тұрғындарына ұсынды.