ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН АШТЫ
Қызылорда облыстық филармонияда камералық оркестр ашылды. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында филармония директоры Талғат Мақашев мәлімдеді.
Т.Мақашевтың айтуынша, Грузия елінің мемлекеттік филармониясымен әріптестік туралы мемарандумға қол қойылып, соның аясында 2015-2020 жылдары арасында концерттер мен шеберлік сабақтары өткізілмек.
Жиынға филармонияның режиссеры Оңталап Нұрмаханов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Күлән Қалымбетова, «Томирис» би ансамблінің жетекшісі Гүлбану Мырзабаева, дәстүрлі әнші, «Ерен енбегі үшін» төсбелгісінің иегері Шынберген Тілеусовтер қатысып, өнер ордасының 2015 жылда атқарылған жұмыстар барысы туралы айтып берді.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА