ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ 3D АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМІН ШЫҒАРМАҚ
Қазақстандық анимациялық студия қытай әріптестерімен бірге халықаралық прокатқа шығару үшін «Жібек жолы» 3D анимациялық фильмін жасамақ, деп жазады 24.kz.
Пекин қаласында «KCG» («Kazakhstan Computer Graphics» ЖШС) қазақстандық анимациялық студия мен «ORI ANIMATION CHINA» ұлттық қытай анимациялық студиясы арасында өзара түсіністік пен өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, тараптар 2015 жылы «Жібек жолы» атты толық метражды 3D анимациялық көркем фильмін жасауға кіріседі. Прокатқа шығару Қазақстан, ТМД елдері, сонымен қатар Қытай мен Оңтүсті-Шығыс Азия барлық елдерінде жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Анимацияның бір бөлігі Қытайда жасалатын болады, басқа бөлігі KCG студиясы базасының негізінде Алматы қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» АЭЗ-нда жасалатын болады.
Өндірістің инновациялық технологиялары, оның ішінде Motion Capture (қозғалысты ұстап алу) және KCG студиясы пайдаланылатын болады. Өз кезегінде, Ori Animation қытай компаниясы жобаға мульфильм бюджетінің 40% мөлшерінде инвестиция құятын болады. «KCG» анимациялық студия өкілдерінің айтуынша, қазақ, орыс тілдерінде дубляж жасай отырып, картинаны ағылшын тілінде түсіріледі. 90 минуттық хронометражы бар фильм түсірілімі екі жыл ішінде өтетін болады.
- «Жібек жолы» жобасын жасау идеясы қазір өте көкейкесті болып табылады. Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту тақырыбы Қазақстанда да, Қытайда да, ЕАЭО-ң басқа елдерінде де әйгілі. Осыған байланысты «ORI ANIMATION CHINA» қытай студиясы біздің жобаны толығымен қолдауға әзірлігін білдірді, атап айтқанда, Қытай инвестиция тұрғысынан да, Қытайда және бүкіл әлемде болашақ дистрибуциясы тұрғысынан да ықпал жасамақ. Біз осы мүмкіндікке қуаныштымыз, бұл жоба елдерге өзара тиімді ынтымақтастық келешегін ашады деген сенімдеміз. Жоба жұмысы 2 жыл ішінде аяқталады деп жоспарланып отыр, бұл әлемдік анимациялық индустрияның өлшемі тұрғысынан едәуір қысқа мерзім. Бұған қоса, біз Қазақстан Республикасының өкілі бола тұра, әлемдегі барынша дамыған анимация индустриясымен серіктес болдық. Шығармашылық үрдіске біздің мамандар да, қытай мамандары тең дәрежеде тартылатын болады, сонымен қатар Walt Disney мен Pixar студияларының жобаларында жұмыс тәжірибелері бар АҚШ-тан кеңесшілерді тартуды жоспарлап отырмыз. Мультфильмді бірқатар аум ақта прокатқа шығаруға жоспарлағандықтан, біз бұл оқиғаны ұлттық сипаттама тұрғысынан тәуелсіз кез келген көрерменге түсінікті және етене жақын етіп жасауымыз тиіс. Сондықтан мықты халықаралық топты жинауды жоспарлап отырмыз, - деді «Kazakhstan Computer Graphics» ЖШС Бас директоры Ернар Құрмашев.