«ҚАЗАҚ ЕЛІ» АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМІ ЖУЫРДА ДАЙЫН БОЛАДЫ
Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап түсіріліп жатқан «Қазақ елі» толықметражды анимациялық фильмі таяуда дайын болады. Көркем дүниені жасап жатқан «Сақ» киностудиясының өкілдері осылай деді.
Мультипликаторлардың еңбектері бұған дейін де кішкентай көрермендердің көңілінен шыққан еді. Ал жаңа көркем туындыда осыдан 550 жыл бұрын Қазақ хандығын құрған Жәнібек пен Керей хандар туралы әңгімеленеді. Фильм бабаларымыздың балалық шағына саяхат жасаудан басталады. Қазір көркем туындының шамамен 70%-ы аяқталған. Ресми таныстырылымы Тәуелсіздік күніне тарту ретінде желтоқсан айына жоспарланып отыр. Кинотеатрларда ұсынылатын толық метражды фильм 1 сағаттан астам уақытқа есептелген. Ал телеарналардан көрсету үшін 6 серия жасақталады.