ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНЫҢ БАЛАЛАРЫ СУРЕТ САЛУДАН ӨЗАРА БАҚ СЫНАСТЫ
Қазақстан Республикасы Конституцияның 20 жылдық мерейтойына орай, "Нұрлы жол – мой путь в будущее" республикалық акциясы аясында Көркемсурет галереясында Қызылорда облысы ішкі істер департаментімен бірлескен түрде "Менің Қазақстаным", "Мәңгілік ел – мәңгілік уақытта", "Я - гражданин", "Нашақорлыққа жол жоқ!" тақырыптарында сурет салу байқауы ұйымдастырылды.
Аталған байқаудың басты мақсаты – жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін шыңдай түсу, бейнелеу өнері арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін арттыру, салауатты және саламатты өмір салтын ұстануға шақыру болып табылады.
Байқауға ішкі істер департаменті қызметкерлерінің 10-16 жас аралығындағы балалары қатысып, өздерінің өнерге икемділіктерін, шығармашылық даралықтарын көрсетіп, өзара бақ сынасты.
Аталған өнер додасына Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы директорының орынбасары Ж.Ахметова, ҚР суретшілер одағының мүшесі А.Үмбетов, Көркемсурет галереясының меңгерушісі Г.Рамазанова қазылық етіп, қатысушылардың жұмысын көркемдік үйлесім, бояу таңдау шеберлігі тұрғысынан бағалады.
Байқау соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері белгілі болып, І орынды Оралбек Салтанат иеленсе, II орынды Шамшидин Інжу, III орынды Мұхсын Аяжан қанжығасына байлады. Барлық қатысушылар арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі