АБАЙ КҮНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ӘДЕБИ КЕШ ӨТТІ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана ұжымымен бірлесіп Абай күндеріне арналған «Жүрегіңнің түбіне терең ойла» әдеби-танымдық шарасын өткізді. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметінен хабарлады.
Кеш барысында Абайдың өмірі мен өнері туралы қызықты мәліметтер тыңдалып, Абай өлеңдері мен әндері орындалды. Департаменттің ұйымдастыру-қаржы басқармасының бас маманы Айбек Садықов «Атаға тағзым» атты өз өлеңін оқыды. Ал адам ресурстары басқармасының бас маманы Аманжол Мыханов «Айттым сәлем, Қаламқасты» домбырамен шырқады. Кешке қатысушылар әсерлі, әрі танымды шара үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтты.Мұнан соң қатысушылар кітапханада орналасқан Абай шығармаларының көрмесін тамашалады.