МАРАТ ОМАРОВТЫҢ ҚЫЗЫ СЕГІЗ ЖЫЛДАН КЕЙІН САХНАҒА ОРАЛДЫ
Сазгер, әнші Марат Омаровтың қызы Зарина Омарова араға сегіз жыл салып, үлкен сахнаға қайта оралды. Бірақ, бұл жолы әкесінің емес, інісінің әніне клип түсірді. Ән «Аяма» деп аталады, деп жазады baistars.kz.
«Інім Азамат Омаровтың әні. «Аяма» деп аталады. Махаббатыңды аяма деген мағынада. Ініме әкемнен дарыған өнер болса керек, ән жазып жүр», - деп қуанды ол.
Зарина Омарова қыз қазір тұрмыста. Екі перзенттің анасы. «Енді еш алаңсыз шығармашылықпен ғана айналысамын»,- дейді. Түсірген бейнеклипін күзге қарай көрермендерге тарту етпек.