НЬЮ-ЙОРКТЕ «ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА 550 ЖЫЛ» ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛДІ
Нью-Йоркте Роберт Де Нироның «Tribeca Film» деп аталатын беделді киностудияларының бірінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ҚР Бас консулдығының жәрдемдесуімен режиссер Бақыт Қайырбековтың «Қазақ хандығына 550 жыл» 10 сериялы деректі фильмінің алғашқы бөлімі көрермендердің назарына ұсынылды, деп хабарлайды BNews.kz.
Фильм ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тарих тоғысында» атты кітабы негізінде түсірілген. Картина Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге орай көрсетілді.
ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, фильмнің алғашқы бөлімі қыпшақ және армян мәдениеттерінің өзара тығыз қарым-қатынасына арналған. Фильмнің әрбір сериясы 1465 жылы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап Тәуелсіз Қазақстанға дейінгі халқымыздың тарихы туралы баяндайды. Картина Қазақстанның әлемдегі тарихи және геосаяси рөлін жарқын сипатта және жан-жақты ашып көрсетеді. Онда шетелде жұмыс істеген қазақстандық ғалымдардың, сондай-ақ халықаралық сарапшылар мен тарихшылардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері көрініс тапқан.
Фильм ағылшын тілінде көрсетілді. Тұсаукесерге Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілі Қайрат Әбдірахманов, ҚР-дың Бас консулы Раушан Есболатова, сондай-ақ олардың Нью-Йоркте тіркелген әріптестері қатысты.
Фильм американдық аудиторияның үлкен қызығушылығын туғызды.