СЫР ЕЛІНДЕ МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ ЕСКЕРТКІШІ БОЙ КӨТЕРМЕК
Қазақ ойшылы, қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың алып ескерткішін шымкенттік мүсінші жасайтын болды, деп жазады otyrar.kz.
Белгілі мүсінші Насыр Рүстемовтың туындысы Қызылорда облысында өткен мүсіндеме сайысында алғашқы орыннан көрініпті. Енді араға аз-кем уақыт салып Сыр елінде шымкенттік мүсіншінің қолынан шыққан «Шоқтығы биік Шоқай» ескерткіші бой көтермек.
Қазір туындыны ұлттық комиссия талдап, мән-маңызын құнттап жатқан көрінеді. Ал автор мүсіннің сәтті шығуы үшін 6 ай уақытын сарп еткен. Бүгінге дейін 100-ден астам еңбекті жасап үлгерген Насыр Рүстемов жаңа шығармасында Мұстафа Шоқтайдың кейпін, түр-тұлғасын ғана емес, оның өмірдегі шынайы болмысын көрсеткісі келгенін айтады.
«Алып адамға жай мүсін жасауға дәтім бармайды. Сондықтан, өзінің таяғын ұстап тұруы, жаңағы образы, қайсар адамның тұлғасын көрсету керек болды. Оның мінезін іздедім, таптым. Бірбеткей, сотқарлық, елі үшін жанын беретін жанашырлығын бейнеледім. Мен қазіргі шағын үлгісінде соны көрсеттім деп ойлаймын. Алдағы уақытта алып ескерткішті ұлықтау, сұстылау етіп жасамақпыз», - дейді Рүстем Насыров.