ӨНЕР КЕРУЕНІ АУДАНДАРҒА ЖОЛ ТАРТТЫ
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы, Жас отан ЖҚ, Жастарды қолдау ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Сыр елінің өнерпаз жастары «Өнер керуені» атты жыр кешін өткізу мақсатында жеті ауданға жол тартты. Жанақорған ауданынан бастау алатын жыр керуеніне ҚР Мәдениет қайраткері Ү.Медеуова, және Жастар ресурстық орталығының басшысының орынбасары Қ.Ботжанов сәт-сапар тіледі.
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына арналған арнайы сый ретінде халықтың көңілін көтеріп, ықыласына бөленуді көздеген республикалық, халықаралық деңгейдегі сайыстарда облысымыздың мәртебесін асқақтатып жүрген өнерпаз жастардың үлкен концерттік бағдарламасында ұлттық өнер, оның ішінде «Айтыс», «Жыр-терме», «Жазба ақындық өнер» сынды асыл өнерлер қамтылған. «Болайын деген баланың, бетін қақпа белін бу» демекші аталмыш жобаның өз деңгейінде өтуіне жергілікті кәсіпкерлер - «Нукаш-7» ЖШС, «Алтын Орда» ЖШС, «Әділет» студиясы тікелей демеушілік жасап отыр.
Өнер керуенінің гала концерті 31 шілде күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде қорытындыланатын болады.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА