БАЙҚОҢЫРДА ЖАСТАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМА БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «Қорқыт елі-Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен кеше Байқоңыр қаласында 14 пен 29 жас аралығындағы жастар арасында дәстүрлі «Жолдаудың сөзі – Жастардың көзімен» атты облыстық шығарма байқауы болып өтті.
Жыл сайынғы дәстүрге айналған «Жолдаудың сөзі – Жастардың көзімен» атты облыстық шығарма байқауына Жаңақорған, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарымен қатар, Ақай ауылы, Төретам кенті және Байқоңыр қаласының жастары қатысты.
Жастардың ұшқыр ойымен шығармашылық қабілеттін анықтаған комиссия шешімімен сөз шеберлігін жазбаша түрде анық жеткізгендігімен І орынды Сырдария ауданынан келген белсенді жас Г.Әбілова иеленді, және өзінің шығарма жазудағы сауаттылығымен көзге түскен Байқоңыр қаласынан Ә.Нұрқасым ІІ орынды иемденді. Ал ІІІ орынмен Жаңақорған ауданынан қатысқан Ә.Әбенова және Қармақшы ауданынан А.Бектасовалар марапатталды. Белсенділіктерімен әдеби шығармашылығын көрсете білген бірқатар жастарға номинациялар тағайындалды. «Жыр жазамын жүрегіммен» номинациясымен Төретам кентінен Н.Жүндібаева, «Қарымды қаламгер» номинациясымен байқоңырлық А.Сыланова, «Ұшқыр ой» номинациясымен Жалағаш ауданынан А.Нұрланқызы және Қазалылық Ә.Тәжмағанбетова. Қалған қатысушылар ұйымдастырушылар атынан дипломдармен ынталандыру сыйлықтарына ие болды.