ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘНШІ ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН "СЛАВЯН БАЗАРЫ-2015" КОНКУРСЫНДА ГРАН-ПРИ ИЕЛЕНДІ
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Витебскте өтіп жатқан эстрада әндері орындаушыларының XXIV халықаралық "Славян базары-2015" конкурсының Гран-при жүлдесін иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Instagram парақшасында әнші Әлішер Кәрімов жазды. Сонымен қатар, балаларға арналған конкурста Луиза Нұрқуатованың жүлдегер атанғаны белгілі болып отыр.
"Қазақстан!!! Сүйінші! 24 жылда біздің еліміз Славян базары жүлдесінің Гран-приін алғаш рет иеленді!!! Балаларға арналған конкурста Луиза Нұрқуатова жүлдегер атанды! Біздің еліміз таланттарға бай. Алға Қазақстан!!! Бұл видео кең таралады деп сенемін, себебі, бұл жеңіс туралы бүкіл Қазақстан білу керек!!!!!!", - деп сүйіншіледі ол.
Димаш Құдайберген Қазақстан тәуелсіздік алған 24 жылда "Славян базары-2015" байқауының жеңімпазы атанған алғашқы әнші. Ол екі күннің қорытындысы бойынша 175 балл жинады. Сайыстың екінші күнінде Димаш француздың Sos dun terien un detresse әнін орындады. Димаш Құдайберген Гран-при жүлдесі үшін 20 мың доллар көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Үш күн болған шарада қазақстандық әнші оқ бойы озық болды.
Жас орындаушы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті. Димаш Құдайберген 2012 жылы "Шығыс базары" конкурсында жеңіске жетсе, бір жылдан кейін жас орындаушылардың "Мейкин Азия" алғашқы халықаралық фестивалінде жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, "Славян базары-2015" байқауында Беларусьтен келген Валерия Грибусова екінші орынды иеленді, ал болгариялық Николай Манолов үшінші орын алды.
Еске салайық, қазақстандық әнші конкурстың бірінші күнінде көш бастаған еді. Құдайберген Константин Меладзенің "Опять метель" әнін орындады. Қазылар алқасының латвиялық өкілі Интарс Бусулистен басқа мүшелері қазақстандыққа түгелдей ең жоғары балл берді.