МЕДЕУ АРЫНБАЕВ "ҚАЗАҚСТАН ДАУЫСЫ" ЖОБАСЫНАН КЕТТІ
"Қазақстан дауысы" жобасында аяқасты өзгерістер болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан" телерадиокорпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі маусым бойы байқауға қатысушыларға тәлімгер болып келген қазақстандық танымал әнші Медеу Арынбаев жобадан кетті. Үшінші маусымда оның орнына отандық эстрада орындаушысы, белгілі тележурналист Дана Нұржігіттің інісі Рүстем Нұржігіт келді. Ол туралы "Қазақстан дауысы" жобасының директоры Кенже Жұманұлы хабарлады.
Айта кетейік, "Қазақстан дауысының" жаңа маусымы "Қазақстан" телеарнасында эфирге 20 қыркүйекте шығады.
Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында еліміздің төрт қаласында іріктеу кезеңдері өтті. Бас жүлде - 5 миллион теңге. Жобаға 18 бен 50 жас аралығындағы орындаушылар қатыса алады. Еліміздің танымал жұлдыздары алғашқы тыңдау сынағында жүзден астам қатысушылардың ішінен үздіктерін таңдап, төрт команда құрайтын болады. Ақтық мәреге төрт үміткер қатысады, олардың ішінен үздік орындаушы SMS-дауыс беру арқылы анықталады. Финалға дейінгі әр бір кезеңде үміткерлер кәсіби команда тәлімгерінен сабақ алады.