"БАЛАЛАР ЖАҢА ТОЛҚЫНЫ-2014" БАЙҚАУЫНДА ҮШІНШІ ОРЫН БҰЙЫРДЫ
"Балалар Жаңа толқыны-2014" халықаралық музыка байқауына еліміздің атынан қатысқан 10 жастағы Мұхаммедәли Жүгінісов үшінші орынды жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ол үшінші жүлдені Беларусь елі атынан сынға түскен Руслан Асланов пен украиналық София Волошаненкомен бөлісті. Оларға хрусталь толқынды ресейлік белгілі әнші Нюша мен КСРО Халық әртісі Лев Лещенко табыс етті.
Байқаудың Гран-приі Украинаның намысын қорғаған Андрей Бойкоға бұйырды. Екінші орын қос дуэт - итальян Мартин мен Кьяре Скарпари, ресейлік Полина Богусевич пен Екатерина Манешинаға бұйырды. Байқауда конкурсанттар шығармашылығын қазылар алқасынан бөлек, ата-аналар да қатар бақылады. Ал олар өздерінің жүлдесін Руслан Аслановқа табыстаса, ал көрермендер ықыласы жүлдесіне Екатерина Манешина лайық деп табылды.
Атап өтейік, Мұхаммедәли Жүгінісов бұған дейін еліміздің Астанасында өткен "Аялаған Астана" фестиваліне қатысып, бас жүлдені жеңіп алған болатын. Жас орындаушының түрлі байқауларда жүлделі орындардан жиі көрінуі бекер емес. Себебі ол шығармашыл отбасында дүниеге келген. Оның анасы - Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрының әртісі болса, ал әкесі продюсер.
Жас орындаушылар бақ сынайтын Халықаралық "Балалар Жаңа толқыны-2014" тамыздың 16-18-і күндері Қырымдағы атақты "Артекте" өтті. Ол фестивальге Қазақстан, Украина, Армения, Ресей, Румыния, Италия, Молдова, Беларусь, Латвия және Грузия секілді 11 елден 17 финалист қатысты. Қазылар алқасы құрамына композитор Игорь Крутой, әнші Филипп Киркоров, Нюша, Лев Лещенко мен Алессандро Сафина кірген.
Жыл сайын өткізіліп отыратын "Балалар Жаңа толқыны" байқауында қазақстандық балғындар бұған дейін жүлделі орындардан көрінген болатын. Атап айтқанда, 2008 жылы Ақтоты Әжіғұлова мен Лаура Артелбектен құралған "А-Лау" дуэті бұл сайыстың Гран-приін қанжығаларына байлап қайтты. Арада екі жыл өткенде қыздар ересектер арасындағы "Жаңа толқында" сынға түскенімен ол байқауда жүлделі орыннан көріне алмады.