«ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ» АТТЫ ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ
Алматыда «Қазақ хандары» атты 3 тілдегі тарихи-танымдық кітап жарық көрді. Жаңа кітап 7 мың данамен «Сардар» баспасында басылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Баспа басшылығы аталған кітапты Қазақстанның барлық аумағына сатылымға шығарудан бөлек Ресей қазақтарының назарына да жеткізуді мақсат тұтып отыр. Авторлардың айтуынша, кітаптың үш тілде жарық көруі - бірнеше жылдарға бағытталған жоба.
«Бұл кітап қазір Қазақстанда мекен ететін 18 млн адамның бәріне түсінікті. Ертеңгі күні бірер жылдан соң ЭКСПО басталған кезде елімізге 5-6 млн шетелдік азамат сапарлап келеді. Сондықтан, оларға да қазақ хандығының тарихы тереңде жатқанын жеткізгіміз келді», - деді автор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Берекет Кәрібаев.
Тарихшылардың мәлімдеуінше, жаңа еңбекте тың деректер молынан кездеседі. Ең алдымен тарихи ақтаңдақтардың орнын толтыруға қадам жасалған.
«Қазақ хандары» - ғылыми монографиялық еңбек емес, көпшілікке түсінікті болу үшін жазылған. Дизайнына шығарушылар өте ерекше назар аударған. Еліміздің орта ғасырлық тарихынан көрініс беретін суреттер бейнеленген. Кеше ғана Түркістандағы конференция болғанда «Қазақ хандығы» деген кітап шықты. Керейден Қасым ханға дейін 78 ханның тізімін көрдім. Оның ішінде біртұтас хандық билігі жойылған соң әр тайпа Шыңғыс Әулетінің өкілін хан сайлап алады. 3,5 ғасыр тарихы бар қазақ хандығы екі кезеңге бөлінеді. Біріншісі - біртұтас қазақ хандығының кезеңі, Керейден Тәукеге дейінгі кезеңді қамтиды. Екіншісі қазақ хандығының бытыраңқы кезеңі», - деді автор Берекет Кәрібаев.