«ДАЛА ДАУЫСЫ» ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РАДИОФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
15 тамызда Қазақ радиосының эфирінде әр жылдардағы қазақ әнінің "Дала дауысы" ІІІ Халықаралық раиофестивалі бастау алды. Ол туралы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып ortcomkz хабарлады.
«Дала дауысы» – музыка арқылы қазақ тілін дүниежүзі елдеріне насихаттайтын Қазақстандағы бірінші радиофестиваль. Фестивалға қатысушы шет елдік үміткерге қазақ әнін орындау немесе өз халқының әнін қазақ тілінде орындау талабы қойылған. Ондағы мақсат – қазақ әнін шет елдіктерге орындату арқылы ұлттық музыкалық және поэтикалық тілді насихаттау, сіңіру.
2012 жылдан бастау алған радиофестивалдің негізгі мақсаты - қазақ әнінің замануи бәсекеге қабілетті төлтумалық дыбысын насихаттау, жылдың үздік әндерін анықтау және жаңа таланттарды табу болып табылады.
«Дала дауысы» – тек қана радиофестиваль емес, беделді музыкалық шеру. Қазақ радиосының миллиондаған тыңдармандары интернет арқылы kazradio.kz/kz/programs/dala-dauysy сүйікті әндеріне дауыс беріп, жеңімпаздарды анықтайды.
Биылғы "Дала дауысына" қатысуға ниет білдірген орындаушылардың қатарында: Ресей, Армения, Германия, Украина, Корея, Қырғызстан мемлекеттерімен қатар, отандық жұлдыздардан: Маржан Арапбаева, Қайрат Баекенов және "Формат" тобы, "Меломен", "Ринго", "Заман", "Нұр-Мұқасан", "Тарту", Құрмаш Маханов, Шахиризат Сейдахмет сынды үміткерлер және сіз естімеген жаңа дауыстар бар. Жоба ұйымдастырушыларының жоспары бойынша, қатысуға ниет білдірген 100 орындаушыдан 20 әнші "Дала дауысы" ІІІ Халықаралық радиофестивалінің лауреаты атанбақ. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау кеші 28 қараша күні "Қазмедиа орталық кино-концерт залында" өткізіледі.
Радиофестиваль жеңімпаздары «Дәстүрлі орындаушы», «Академиялық орындаушы», «Эстрадалық орындаушы» аталымдары бойынша марапатталып, фестивалдің «Жаңа есімдері» анықталып, оларға «Дала дауысының» арнайы статуэткасы мен арнайы дипломын еліміздің өнер және мәдениет, қоғам қайраткерлері табыстайды.