ТҮРКИЯДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚАЗАҚТАРДЫҢ «ЖАЗ» ФЕСТИВАЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркияның Алтай ауылында тұңғыш рет қазақтардың «Жаз» фестивалі өтті. Оған биыл Анадолыдағы қандастарымызбен бірге Еуропаның бірқатар елінен арнайы келген қазақ диаспоралары қатысты, деп хабарлайды 24.kz.
Айтулы шара Алтай ауылындағы бес қыздың әлеуметтік желіде көтерген бастамасымен кең көлемде ұйымдастырылыпты. Енді көпшілік қауым бұл фестиваль жыл сайын Алтайдың көк жайлауына шетелдегі қазақтардың басын қосатын дәстүрлі шараға айналуын тілейді. Әсіресе бұл күнді жастар жағы ерекше белсенді өткізді. Ыстамбұлдағы домбыра үйірмесінің шәкірттері күй орындаудан жарысып, өнерлерімен жиылған жұртты тәнті етті. Фестивальде Қазақстаннан арнайы шақырылған ноғай әншісі Арсланбек Сұлтанбеков пен дәстүрлі әнші Арай Асқап өнер көрсетті. Олар Алтай өңірінің әндерін шырқап, ауылды ән мен жырға бөледі.
- Мұндай фестивальдің жиі ұйымдастырылып тұруын тілейміз. Өйткені оны ұрпақтар көреді, артынан жалғастырады. Қазақ болуын, ұлт болуын өздері түсінеді, тілі мен дінін ұмытпайды. Сол балалар қазақ екенін білуі керек, - дейді Германиядағы қазақ диаспорасының өкілі Абдулғафар Чокбилен.