«ЕВРОВИДЕНИЕ-2015» БАЙҚАУЫНЫҢ БАРЛЫҚ ФИНАЛИСІ АНЫҚТАЛДЫ
Екінші жартылай финалдың қорытындысы бойынша «Евровидение-2015» байқауының финалына тағы он орындаушы шықты, деп хабарлайды BNews.kz.
Венада өтіп жатқан «Евровидение-2015» халықаралық ән байқауында екінші жартылай финалдың жеңімпаздары анықталды. Бұл жолы ақтық сынға Литва, Латвия, Әзербайжан, Польша, Норвегия,Швеция, Израиль, Кипр, Словения мен Черногория елдерінің өкілдері жолдама алды.
Аталған жартылай финалда «Heroes» әнін орындаған швециялық әнші Монса Зелмерлева мен «Golden Boy» әнін шырқаған 16 жасар израильдік Надава Геджа көпшіліктің көзайымына айналды.
Естеріңізге салып өтсек, Ресей атынан халықаралық конкурста бағын сынап жүрген Полина Гагарина бірінші жартылай финал жеңімпаздарының қатарынан көрінді.
«Евровидение-2015» финалы 23 мамыр күні кешке өтеді.