«ҚОШҚАР МЕН ТЕКЕ» МУЛЬТФИЛЬМІ ҚЫТАЙДА 45 ЕЛ ҚАТЫСҚАН САЙЫСТАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Қазақ мультфильмі халықаралық фестивальда «Отансүйгіштікке тәрбиелеу» және «Ұлттық ерекшелік» атты екі бірдей номинацияны жеңіп алды, деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті.
Таяу күндері Қытайдың Хонжу қаласында өткен дүбірлі анимациялық фильмдер фестивалінен оңтүстікқазақстандық «САҚ» киностудиясы түсірген «Қошқар мен теке» анимациялық фильмі «Отансүйгіштікке тәрбиелеу» және «Ұлттық ерекшелік» деген екі бірдей номинацияны иемденіп қайтты.
Фестивальдың ауқымдылығы таңдай қақтырады. Бұл фестивальға 45 елден 800-ден аса студиялар қатысқан.
- Бұл үлкен фестиваль 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтті. Әрине, Қытай елінің анимация саласына аударып отырған назарына қарап, қатты тәнті болдық, - дейді қазақ продюсері.
Фестиваль соңында Оңтүстік Қазақстан облысындағы «САҚ» студиясы Гонконг қаласының беделді бір кинокомпаниясымен бірігіп жұмыс істеу туралы ресми меморандумға қол қойып қайтқан.