ЖЫР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ ЖҮЙРІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
«Руханиятты жаңғырту» қоғамдық қоры мен әдеби-мәдени, тарихи-танымдық «Әлімсақ» журналының ұйымдастыруымен Сыр өңірінің тумасы, қайсар қаламгер, ақын Зейнолла Шүкіровтің рухын асқақтату мақсатында «Бір жұлдыз болып жанам мен» атты облыстық жас ақындар арасында мүшәйра өткізілді. Мүшәйраның бірінші кезеңінде келіп түскен 88 жас ақын өлеңдерінің ішінен қазылар алқасы үздік жиырма өлеңді екінші кезеңге іріктеп, жолдама берді. Іріктеуден өткен жас ақындар екі бағытта, Зейнолла Шүкіровке арнаулары мен өз шығармашылықтарынан еркін өлеңдерін оқып, бақ сынасты.
Биыл төртінші рет өткізіліп отырған жыр додасында жүлделі үшінші орынды «Болашақ» университетінің студенті Рыскелді Жахман, Қазалы ауданындағы №25 орта мектебінің оқушысы Дина Бөкебай жеңіп алды. Ал, екінші орын қазалылық Есет Табынбаевқа бұйырды. Ақындар мүшәйрасынында оқ бойы дара атанған М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледждің студенті Нәбира Ешниязова жүлделі бірінші орынды иеленді.
Талантты жас ақындардың жыр мүшәйрасында Сыр өңіріне белгілі әншілер мен облыстық байқаулардың лауреттары өнер көрсетіп, мерекенің көркін қыздырды.