ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ СТУДЕНТТЕР ТЕАТРЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай Павлодар қаласында өткен әуесқой жастар мен студенттер театр ұжымдарының халықаралық фестивалінде Қызылорда облысындағы «Болашақ» университетінің студенттері екінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған шараға Қазақстан, Ресей Украина секілді елдерден 11 жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Қызылорданың студенттер театры Павлодарда Жұмагүл Солтиеваның «Адамды шайтан азғырса…» атты мистикалық пьесасына қойылған спектальді сахналады. Нәтижесінде құрылғанына бір жыл енді болған жас театр үздіктердің қатарынан көрінді. Студенттер театры бір жыл ішінде үш қойылым қойды. Атап айтқанда, Исраил Сапарбайдың «Ауылдан келген ару», Лидия Егембердиеваның «Қалталы күйеу, қайдасың?» және Жұмагүл Солтиеваның «Адамды шайтан азғырса…» пьесалары сахналанды. Театрдың режиссерлары Қанат Архабаев пен Әсел Баймұханова алдағы уақытта шәкірттерінің үлкен жетістіктерге жететініне сенеді.