ҚЫЗЫЛОРДА ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСТЕРІ ЛОНДОНДА ДАУЫС БЕРЕДІ
Қызылорда облыстық Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрының труппасы Лондонға ұшты. Әртістер онда қазақ тілінде драматург Дулат Исабековтың «Ескі үйдегі екі кездесу» қойылымын жұртшылық назарына ұсынбақ.
Труппа гастрольдері 26 сәуірге түскендіктен, әртістер ҚР елшілігінде дайындалған сайлау учаскесінде дауыс береді.
«Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың және біздің театрдың атына «Ұлыбританиядағы қазақ өнері күндеріне» қатысуға шақыру хат келіп түсті», - деді Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі Хусейн Әмір-Темір.