«ЖҰЛДЫЗАЙ- 2015» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
10 сәуірде облыстық білім басқармасымен Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай-2015» балалар шығармашылық Х Республикалық фестивалінің Бірінші іріктеу кезеңі өткізілді. Аталмыш шараға аймағымыздың кәсіпкерлерлері «АБЗАЛ ПРОЕКТ КОНСАЛТИНГ» және «Қанатбаева Аида» ЖК демеушілік жасады.
М.Ералиева атындағы Мәдениет Үйінде өткізілген Бірінші іріктеу кезеңінде облысымыздың әр аймағынан келген балалар 6 номинация бойынша өз өнерлерін ұсынды. Байқауға «Жұлдызай» корпоративтік қорының орынбасары Алтынай Тәңірбергенова, Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы Әли Оқапов, «Керім Ай» продюссерлік орталығының директоры Сакура Елемесова қазылық жасады. Оныншы рет өткізілгелі тұрған дәстүрлі шарада жобаның жетекшілері, ұйымдастырушылар мен Қазақстан эстрадасының жұлдыздарынан құрылған алқа мүшелері 5-20 сәуір аралығында еліміздің 16 қаласын аралап шығады.
Екінші іріктеу турына өткен қатысушылар еліміздің басты сахнасында өнер көрсетпек.
Биылғы мерейлі жылы, «Нұрлы жол – біздің болашаққа барар жол!» атты бүкіл қазақстандық акциясы шеңберінде өтетін Республикалық балалар шығармашылық фестивалі дәстүр бойынша Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1 маусымда Орталық «Қазақстан» концерттік залында гала-концерттпен аяқталады.