БАТЫРХАН ШҮКЕНОВ «ОДИН В ОДИН» ЖОБАСЫНДА ЕКІНШІ ОРЫНДА КЕЛЕДІ
Әйгілі қазақстандық әнші Батырхан Шүкенов Ресейдің «Один в один» ТВ-шоуында көрермендерді өз өнерімен тағы бір рет тәнті етті. Бұл жолы ол «Весна на Заречной улице» фильміндегі Саша Савченконың рөлін сомдады, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазір қазақстандық әнші 307 ұпаймен екінші орында келеді. Бірінші орында отандасымыздан 31 ұпай артық жинаған Руслан Алехно тұр.
Айта кету керек, биылғы «Один в один» ТВ-шоуында шоу-бизнесте жүрген әйгілі 10 әнші бағын сынап жатыр. Олар апта сайын өткен ғасырлар мен бүгінгінің белгілі әншілерінің әндерін орындап, рөлін сомдайды.
Естеріңізге саламыз, Батырхан Шүкенов бұған дейін Павароттиді, Антоновты, Агутинді, Насыровты және әлемге аты мәшһүр Сезарии Эвораны сомдады.