АҚТАУДА БОЛҒАН АЛАМАНДА ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АЙТЫСКЕР МҰХТАР НИЯЗОВ ЖҮЛДЕМЕН КЕЛДІ
Ақтау төрінде республикалық ақындар айтысы өтті. «Береке басы– бірлікте» деп аталатын жыр додасы «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай ұйымдастырылды. Өнер сайысына еліміздің әр өңірінен келген 10 ақын қатысып, бақтарын сынады. Киелі Маңғыстау жерінде өткен аламан айтыста бас жүлдені атыраулық ақын Сағадат Нұрманов иеленіп, бәйгенің 2 млн. теңге жүлдесін жеңіп алды. «Нұр Отан» партиясы мен Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен аламан айтысқа елімізге танымал суырып салма, өткір тілді ақындар Мұхтар Ниязов (Қызылорда облысы), Талғат Мықи (Орал қаласы), Айтбай Жұмағұлов (Қарағанды облысы), Сағадат Нұрманов (Атырау облысы), Сара Тоқтамысова (Шығыс Қазақстан облысы), Абай Жолмағанбетов (Маңғыстау облысы), Қанат Мырзахан (Алматы қаласы), Әсет Дүйсебаев (Жамбыл облысы), Рауан Хайдаров (Павлодар облысы), Ораз Қиынбаев (Ақтөбе облысы) қатысып, өнер көрсетті.
Суырыпсалма сөздің шеберлері елдік пен бірлікті, бүгінгі күннің өзекті мәселелерін, Маңғыстаудай маңғаз даланың ерекше қасиеттерін өз жырларына арқау етті.
Бес сағатқа созылған айтыстың қорытындысында бас жүлдеге атыраулық ақын Сағадат Нұрманов лайық деп танылды. Ал, бірінші орынға 1 жарым млн. теңге жүлдемен жамбылдық Әсет Дүйсебаев, екінші орынға – миллион теңгенің жүлдесімен алматылық Қанат Мырзахан, үшінші орындарға – 750 мың теңгенің жүлдесімен семейлік Сара Тоқтамысқызы және қызылордалық Мұхтар Ниязов ие болды. Қалған 5 ақын: оралдық Талғат Мықи, павлодарлық Рауан Қайдар, маңғыстаулық Абай Жалмағамбетов, қарағандылық Айтбай Жұмағұлов, ақтөбелік Оразбек Қиынбаевқа 500 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы берілді.