МӨЛДІР ҚАЛЫМБЕТ ФОТОБАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің Студенттер сарайында жас фотосуретшілердің шеберлігін шыңдауды мақсат еткен «Қазақстан – достық бесігі» атты фотобайқау өтті. Қазақстан халқы Асамблеясының 20 жылдығын арқау еткен шараны Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Руханиятты қолдау» қоғамдық қоры ұйымдастырды. 3 кезеңді қамтыған сайыста қазылар алқасының мүшелері 15 қатысушының үздік жұмысын іріктеп, ұлтаралық татулықты сақтай отырып, біртұтас қоғам құрудың қашанда маңызды екенін алға тартты.
- Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы. Бұл ел бірлігінің, бейбітшілік пен келісімнің, татулықтың жылы деген сөз. Біз осы жүрегіміздің төрінен орын алған тату, ынтымақшыл қасиетімізді мәңгі сақтауымыз қажет, - деп фототілші Нұрболат Нұржаубай қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тегі бөлек, теңдігі бір түрлі этнос өкілдерінің бейбіт өмірін сурет арқылы сөйлеткен байқаудың қорытындысы бойынша I орынды Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің 3 курс студенті Мөлдір Қалымбет иеленсе, II орын Марфуға Қараман мен Меруерт Қуанышбековаға бұйырды. Жүлделі III орынды Назерке Өмірзақова, Динара Дименалиева мен Жансая Қыдырбай өзара бөліссе, Наргиз Бекмағанбет ынталандыру сыйлығын қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.
-Осы шара арқылы өңірдегі түрлі ұлыс өкілдерінің тыныс-тіршілігімен танысуға мүмкіндік алдым. Алдағы уақытта осындай шараларды өткізу дәстүрге айналса, нұр үстіне нұр болар еді, - дейді Марфуға Қараман.
Айбарша СЫРЛАН

Комментарии 1