ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР АЛМАТЫДА КОНЦЕРТ ӨТКІЗЕДІ
Сәуір айының 6 жұлдызында Алматы қаласындағы «Қазақконцерт» залында облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен облыстық филармония ұжымы ұйытқы болған қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Мәңгілік ел – мәңгіік тарих» атты дәстүрлі орындаушылардың концерті өтеді.
Сыр еліне ғана тән 4 жыр мектебінің өкілдері талғампаз көрермен алдындағы тағы да жыр шашуын төгеді. Концертте Сыр сүлейлерінің ізбасарлары қазақ хандығы заманынан бері мұра болып келе жатқан жырлармен, рухани құнды қазыналардың теңін шешеді.
Ата-бабаларымыздың жүріп өткен жолынан сыр шертетін мағыналы да мазмұнды жыр жәдігерлері мен қазақтың төл музыка өнері тыңдармандарды тарих беттерін парақтағандай тамаша әсерге бөлейтін болады.